Астанадағы әуенді субұрқақ көпшіліктің көзайымына айналды (ВИДЕО)

Еске сала кетейік, елордадағы Орталық саябақ өткен жылдың жазында жөнделіп, жұртшылыққа жаңа кейпінде ұсынылды. Ол алты бөлікке бөлінді: жағажай, орталық аллея, құрғақ субұрқақ, олимпиадашылар алаңы және ішінде мозайкалары бар төрт үңгірден тұратын композиция. 


Қала билігі енді мұндағы амфитеатр құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр, оның да қала көркін ажарландырып, көпшіліктің сүйікті демалыс орнына айнала түсетіні сөзсіз.