Астанадағы бір тұрғын үйдің подъезінде жабындының плитасы құлады. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ

Министрлік ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға Чехов көшесіндегі 28 пәтерлі үйде 17-сәуір күні болған. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Ондағы 115 тұрғынның 20-сы уақытша №12-інші орта мектептің спорт залына, қалғандары туыстарының үйіне көшірілген. Бүгін үйді қалпына келтіру жұмыстары басталады.