Астанадағы бөлшек сауда желісімен салыстырғанда ауылшаруашылығы жәрмеңкесіндегі баға 30 - 50% төмен - әкімшілік



Қаладағы қызметтер мен мекемелердің жетекшілерінің қатысуымен өткен шұғыл жиында ауылшаруашылығы жәрмеңкесінің алғашқы қорытындысы шығарылды.

Осы кеңесте қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтың хабарлағанындай, "ауылшаруашлыығы өнімдерінің жәрмеңкесі азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін сатушылардың бағасына тікелей апта сайын өткізілуде".

Астанадағы бөлшек сауда желісімен салыстырғанда ауылшаруашылығы жәрмеңкесіндегі баға 30 - 50% төмен.

Осы орайда еске салсақ, 24 қазанда "Шапағат" базарының аумағында Ақмола облысының Целиноград ауданында өндірілген ауылшаруашылығы өнімдерінің бірінші жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкеге Ақмола облысынан 30-дан астам кәсіпкер, соның ішінде "Ақмола-Феникс" ЖШС, "АФ "Родина" ЖШС, "Бірлік" ЖШС мен басқа да шаруа қожалықтары қатысты.

Сатылған өнімнің көлемі 6 млн теңгеге 24 тоннадан асты. Жәрмеңкеге 8 мыңнан астам адам келді.

Осындай жәрмеңкелер "Шапағат" коммуналдық базарының аумағында әрбір жексенбі сайын желтоқсан айына дейін өткізіліп тұрмақ.