Астанадағы экономикалық форумға келгендер мақтауын үйіп төкті

Тәуелсіздік сарайына таңнан бері экс-президенттер, премьерлер, әлемнің танымал экономистері мен Нобель сыйлығының иегерлері ағылуда. Дүние жүзін толғандырған мәселелердің шешімін табу үшін елімізге жүзден астам мемлекеттен он мыңға жуық адам арнайы келді. Шетелдік қонақтар күні бойы әлемдік экономика, мұнай бағасы, сырттан инвестиция тарту және валюта тұрақтылығы сынды тақырыптарды талқылады. Қазақстанның да  Үкімет мүшелері бар шаруаларын ысырып қойып бүгін экономикалық форумда жүр. Екі күнге жалғасатын жиынға ертең Елбасы қатысады. Ал, келген қонақтар шөлдеп қалмас үшін сағат сайын шәй қойылып, кең дастархан жайылған. Бүгін бірқатар түйткілдерді ортаға салған шетелдік сарапшылар Нұрсұлтан Назарбаевтың экономикалық саясатынан үлгі алу керек екенін айтты.

Герман Греф,  «Сбербанк» АҚ басқарма төрағасы:

-Қазақстан президентінің жуырда ғана жарияланған «100 нақты қадам» атты бағдарламасын көрдіңіздер ме, жоқ па білмедім. Мен құжатты оқып шығып, таң қалдым. Бұл – дамудың теңдесі жоқ тиімді әдісі. Құдды Сингапур үкіметінің бағдарламасын оқып отырғандай әсер алдым. Бұл бағдарламаға көптеген еуропалық елдің қызығары анық.

Loading...