Астанадағы ЭКСПО кезінде кəдесыйлар 300 млн теңгеге сатылған

Көрме дүкендерінің сұрыпталымында 250 өнім атауы ұсынылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми интернет-ресурсы.

Осы жазда аталмыш сауда нүктелерінде 300 млн сомаға 175 мыңнан артық лицензияланған өнім бірліктері өткізілді.

Рыскүл Қауғабаеваның айтуынша, елорда тұрғындары мен қонақтары арасында ең танымал теріден, саздан, күмістен, киізден жасалған және көркемөнер туындылары кәдесый  өнімдері болды.

Астанада сәндік-қолданбалы өнерді дәріптеу үшін елордалық Арбат, «Бәйтерек» монументінің жанында «Қолөнершілер қаласы», Нұр Жол гүлзарында кәдесый дүкеншіктері ашылды.