Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесіне жүзден астам мемлекет қатысады

«Көрмеге қатысушыларды шақыру жұмыстары 2014 жылдың жазында, Астананың мәртебесі ресми түрде расталғаннан кейін басталады. Біз мемлекеттерге ресми шақыртуды сол кезде жібере аламыз. Жүзден астам елдің өкілдері қатысады деп жоспарлап отырмыз», - деді ол бейсенбідегі баспасөз мәслихатында.

Р.Жошыбаевтың айтуынша, көрмеге 5 миллионға жуық шетелдік және отандық туристің келуін қамтамасыз ету көзделген.