Астанадағы газ жарылысы: Үйінді астынан әйелдің мүрдесі табылды

ТЖК баспасөз мәліметіне сүйенсек, әйелдің денесі сенбіге қараған түні табылған, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұған дейін оқиға орнында үш адамның зардап шеккені хабарланды. Сондай-ақ, ғимарат астында есепші қалуы мүмкін деп болжанды. 

Айта кетейік, жарылыс жұма күні "МолПродуктсервис" компаниясы ғимаратында орын алды. 


1991 және 1970 жылдары туған екі ер адам қалалық №1 ауруханаға жеткізілді. 1979 жылы туған әйел травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жатқызылды