Бұл туралы astana.kz сайтына Статистика департаментінен хабарлады.
Үстіміздегі жылдың қараша айында барлығы 502 кәсіпорын мен ұйым тіркелді, 27-сі жойылды. Жаңадан тіркелген субъектілердің басым бөлігі Алматы (51,4%) және Сарыарқа (32,1%) аудандарында шоғырланған. Есіл ауданының үлес салмағы 16,5% құрайды. Жаңа заңды тұлғалардың 490-ны жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрінде тіркелген. Сондай-ақ, тіркелген кәсіпорындар мен ұйымдардың алтауы - қоғамдық бірлестік пен қор , үшеуі - тұтыну кооперативі, екеуі - акционерлік қоғам, біреуі - мекеме.