Астанадағы кинотеатрда сатушы қызды тепкілеген жігіттің аты-жөні белгілі болды

22 жастағы жігіт кеше кинотеатрдағы су сататын қызды тепкілеп тастаған болатын. Мұның барлығы бейнебақылау камерасына жазылып қалып, видео бірден ғаламторға жайылған. Жантүршігерлік жазбаны небәры жарты сағаттың ішінде мыңдаған адам көріп, үлкен дау туған еді. Онда жас жігітке сатушы қыздың қызмет көрсеткені ұнамаса керек, қолындағы стақанын бетіне лақтырып жібереді. Кейін екі ортадағы кедергіден қарғып өтіп, қыз баланы тепкілей бастайды. Қорлық көрген сатушы бірден полицияға шағымданған. Қазір күдікті қамауда отыр. Десе де, полицейлер де, кинотеатр қызметкерлері де болған оқиға жайында жақ ашқан жоқ. 

Loading...