Астанадағы көшеге Сұлтан Бейбарыстың есімі берілді


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Сарыарқа ауданындағы №189 көшеге Мысыр сұлтанының есімі берілді. Шара тарихи тұлғаның 800 жылдығына орайластырылған.

«Бұл ұзындығы 2 км-ден асатын алты жолақты көше. Сонымен қатар біз мерейтой аясында спектакльдер, ғылыми конференциялар, Мысыр тарапымен бірлескен жобалар шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов көшенің ашылу рәсімінде.