Астанадағы мектептерде қатты боранға байланысты сабақ тоқтатылды

"Күшті желге байланысты бүгін таңертең ерте 1-4 сынып оқушылары үшін сабақты тоқтатуға шешім қабылданды. Күн райын болжаушылар мұндай ауа райы күні бойы жалғасады деп болжауда, біз 12 сағатта Астанадағы мектептердің басшылығын екінші ауысымда оқитындар үшін сабақты тоқтату жөнінде хабардар ететін боламыз", - деп хабарлайды департаменттегілер.

Бүгін түнде Астанада сынап бағанасы 10 градус суықты көрсетсе, желдің жылдамдығы секундына 16 метрге, кей кездері 26 - 28 метрге жетті.