«Астана-Арена» стадионының алдында өткен «Open Air» - pre-party ашық аспан астындағы гала-концертте Ресей және Қазақстан шоу-бизнесінің жарық жұлдыздары өнер көрсетті.
Қазіргі заманғы, сапалы музыканы сүйетін жұртшылық алдында бұл түн ортасына дейін нағыз көңіл көтеру кеші болды. Астананың мыңдаған тұрғыны мен қонақтарына Қазақстан мен Ресейдің 50-ден астам танымал әртісі: Дима Билан, Глюк'оZа, Джиган, Юля Савичева, «M-BAND», Бьянка, «Дискотека Авария», Ирина Дубцова, Митя Фомин, «Градусы», «Банд'Эрос», «Пицца», «Фабрика», Виктория Дайнеко, Анна Семенович, Сати Казанова, Томас Nevergreen, Стас Костюшкин, Александр Ревва, SWANKY TUNES, Доминик Джокер сынды бірқатар әншілері өнер көрсетті.
Бұл ретте ашық аспан астындағы музыкалық кештің көптеген қатысушылары әндерін өз дауыстарымен шырқауға тырысқан, бұл шараның ерекше дәрежесі мен әртістердің жоғары кәсібилігін тағы бір таныта түсті.
Бұдан басқа, концертте көпшіліктің қатысуымен селфи жасалды. Ресейлік «Пицца» тобының солисі Сергей Приказчиков бастамашы болған оны осы кеште өзінің жаңа әнін таныстырған әншіміз Айқын Төлепберген қостады.
Еске сала кетейк, бүгін, 5 маусым күні жылдың басты музыкалық оқиғасы өтеді. Жыл сайын өткізілетін МУЗ-ТВ ұлттық премиясының табысталуы алғаш рет Астана қаласында, «Астана Арена» стадионында өтпек. Бұл кештегі нөмірлердің бірі Батырхан Шүкеновке арналмақ.