Ерекше мазар Астана маңындағы Қабанбай батыр кесенесінің жанынан тұрғызылады. Қазір бұл аймақ бос жатыр. Жоспар бойынша, жолдың оң жағына ағаш отырғызылады, аллея, мал сойылатын орын салынады, тіпті қонақ үй бой көтермек. Яғни, қорым әрі туристік аймаққа айналады. Ал, сол беттегі жазық далада биік қорған тұрғызылып, дүиеден өткен қоғам қайраткерлері осында жерленбек. Құны миллиардқа бағаланған бұл жобаны жеңіп алу үшін отандық және шетелдік жеті құрылыс компаниясы таласып жатыр. Сәулетшілер Елода маңындағы қу далаға танымал тұлғалардың беделіне сай белгі орнатып, безендіруі тиіс. Әзірге мұнда бұрынғы Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов, Сара Назарбаеваның інісі Саяхат Қонақаев пен ақын Фариза Оңғарсынованың денесі жатыр. Аумағы 500 гектар жер жобамен 150 жылға жетеді екен.Ұлттық пантеонда қарапайым мәйітке орын жоқ, жер де сатылмайды. Және мұнда мұсылмандармен қатар өзге дін өкілдерінің танымал тұлғалары де жерленеді.