Астанадағы Президент саябағында сиырлар жайылып жүр

Ақорда мен Тұңғыш Президент кітапханасы сияқты зәулім ғимараттардың маңында алаңсыз жайылып жүрген сиырлардың қайдан пайда болғаны белгісіз.

Әлеуметтік желі қолданушылары ойда-жоқта қаланың қақ ортасында пайда болған сиырларды көріп аң-таң. Кейбір әзілқойлар сиырларды ЭКСПО-ға келген үнді делегациясы алып келді деп әзілдеуде.

Осы ретте айта кету керек, аталған саябақта жабайы қояндарды да көп кездестіруге болады.