Комедияның қоюшы режиссері - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков.
Ж-М. Шевренің «Ізгілік формуласы» атты шығармасы алғаш рет 2000 жылы Париж театрында сахналанды. Оның ағылшын тіліндегі атауы «Squat», яғни бос тұрған үйді заңсыз иелену деген мағынаны білдіреді. Аталмыш комедия Париж қаласының театрында 2000-2001 жылдары 350 рет ойналды. Сол жылдары көркемдік маңыздылығы мен көтерген идеясының көкейкестілігі үшін, гуманистік көзқараста ұлттар арасындағы қарым-қатынас тақырыбын ерекше қамтығаны үшін БҰҰ-ның халықаралық сыйлығына ие болды.
Комедияның басты рөлдерін Маривонды бірінші планда ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет орденінің иегері, Жастар Одағы сыйлығының лауреаты Лейла Бекназар-Ханинга, екінші құрамда ҚР «Серпер» Жастар одағы сыйлығының иегері Алтынай Нөгербек; Жаннды - бірінші құрамда ҚР еңбек сіңірген артисі Жанат Чайкина, екінші құрамда Айнұр Бермұханбетова; Терезаны - бірінші құрамда Бақыт Исабекова, екінші құрамда Зибагүл Карина; Кристинаны - бірінші құрамда Айнұр Жетпісбаева, екінші құрамда Жанар Қасым; Самирді - Шах-Мұрат Ордабаев және Манюэльді - Жасұлан Ерболат сомдайды.