Астанадағы қарлы боран адамдарды қарсы жүргізбей әлекке салып жатыр

Астанадағы қолайсыз ауа-райы көшедегі адамдарға да қиын соғып жатыр. Тіпті олардың қатты дауылға қарсы тұра алмай кері сырғанап кетіп жатқанын көруге болады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.  Күшті жел сыртта жүрген адамды көке ұшырмаса да қарсы жүргізбей әлекке салуда. Оны төмендегі видеодан көруге болады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Астана қаласы әкімдігі тарапынан табиғи жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты, Астана әкімі Әсет Исекешевтің шешімімен табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

"Өрт сөндіру қызметі, жедел медициналық жәрдем, Астана қаласының ІІД, ТЖД, коммуналдық қызметтер сияқты қала тіршілігін қамтамасыз ету мекемелерінен өзге мемлекеттік органдар, білім беру мекемелері, кәсіпкерлік (базарлар, СОСО) және құрылыс нысандарының басшыларына қызметті уақытша тоқтатуды ұсынамыз", — деп хабарлайды әкімдік.