Театрдың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қойылымның тұсаукесері 18-19 қараша күндері өтеді.
Қаллеки театры көрермендерінің негізгі бөлігі жастар болғандықтан, қойылымды заман үрдісіне сай жаңаша түрлету идеясы туындаған. Сөйтіп, М.Әуезовтың классикалық кейіпкерлері жаңа образдарға ие болды. Мәселен, Әлібек пен Арыстан интеллигенция өкілдеріне, ал Көтібар «жаңа қазақ» образына енді.
Қойылымның қоюшы режиссері - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков.
«Айман-Шолпан» - ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқының лиро-эпостық поэмасы. Поэманың оқиға желісі баршамызға таныс болса да, оны тамашалаған сайын тұңғыш рет көріп отырғандай толқытады.