Шілденің 29-ы мен тамыздың 1-і аралығында Мәскеуде «Ресей - спорттық держава» халықаралық спорттық форумы өтті. 1980 жылғы ХХІІ Олимпиада ойындарының 30 жылдық мерейтойы тойланған осынау форумға әлемнің 42 елінен делегациялар қатысты. Осынау форумның аясында «Мұз айдындарының күндері» бірінші халықаралық форумы өтіп, оған Астана қаласындағы «Қазақстан» спорт сарайының өкілдері де қатысты.
Конгреске қатысып келген «Қазақстан» спорт сарайы директорының орынбасары Ержан Сәдуақасовтың айтуынша, «бұл - мұз айдыны мен «Қазақстан» спорт сарайының барлық қызметкерлерінің жұмыстарына беріліп отырған жоғары баға».