Астанадағы құрылыс алаңдары мен асханаларда көптеген заң бұзушылықтар анықталды - қалалық санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау департаменті

"Тексерулердің нәтижесінде 58 асхананың жұмысы тоқтатылып, 98 басшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Ж. Бекшин.

Оның айтуынша, заң бұзушылықтар "АБК-құрылыс", "Базис", "Альянсстройинвест" секілді компанияларда анықталған. " Бұл мәселені тұрақты қадағалап отыру қажеттігін тексеру нәтижесі көрсетті. Тексерулер жылдың екінші жартысында да жалғасады", -деп сендірді Ж. Бекшин.

Оның айтуынша, тексерулерді прокуратура органдары, Астана қалалық өнеркәсіп және кәсіпкерлеік департаменті, сондай-ақ, тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының өкілдері бірлесе жүргізді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті