Жұмысшылардың айтуынша, осыдан бір жарым сағат бұрын, түскі ас кезінде олар құрылыс алаңында Қытайдан әкелінген шығыранды құрастырып жатқан кезде оның көтергіш тетігі құлап, адамдарды басып қалған. Тірі қалған бес құрылысшы ауыр жағдайда ауруханаға жөнелтілді.
Төтенше оқиға болған жердегі элиталық тұрғын үй құрылысын Түркияның "Хоризон дыш тиджарет отомотив иншаат ЛТД" компаниясы салып жатыр.
KZ-today тілшісіне компаниядағылар телефон арқылы қазір оқиға орнында осы кәсіпорынның қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженері жұмыс істеуде деп хабарлады. Компаниядағылардың айтуынша, оқиғаға қатысты түсініктемені сол кісі беруге тиіс. Алайда журналистер мен жұмысшыларға әзірге ешкім шығып жауап берген жоқ.