Полицияның ақпаратына сәйкес, Елордасының "Алматы" ауданындағы бір құрылыс компаниясының аумағына өтіп кеткен бір топ жігіт күзетшіні соққыға жығып, осындағы құрылыс материалдарын тонап кеткен.
Астана қылмыстық полициясының қызметкерлері шұғыл іздестіру шарасының нәтижесінде Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының тұрғындары болып табылатын алты жігітті ұстады. Олардан тоналған құрылыс материалдары тәркілеп алынды.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.