Астанадағы құрылыс алаңында болған оқыс оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды


Төтенше оқиғадан кейін элиталық тұрғын үй кешені салынып жатқан жердегі қан іздерін шұғыл тазартылыпты. Куәгерлердің айтуынша, металл құрастырмасы алдымен теңселіп кейін бірнеше метр биіктіктен  жерге құлаған. Бірнеше адамды ажал құштыра жаздаған оқыс оқиғаға қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себеп. Енді құрылыс компаниясы жазасыз қалмайды. Жапа шеккен жұмысшыларына өтемақы да төлеуі тиіс. Айта кетсек, былтыр Астананың құрылыс алаңында 20 адам қаза тапқан.