Астанадағы құрылыс нысандарында екі жұмысшы жарақат алды

ТЖ министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жексенбі күні «Медина» тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында «Элитстрой Қазақстан» ЖШС 20 жастағы жұмысшысы зардап шекті. Ол төртінші қабаттан құлаған.

Дәл сол күні осындай оқиға «BI-Group» компаниясы салып жатқан «Bi Village» коттедж қалашығында да болған. Электр монтаждау жұмыстары барысында 2-қабаттан құлаған 42 жастағы жұмысшы ауруханаға жеткізілді.