Астанадағы сегіз кәсіпорынға табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 400 мың теңгенің айыппұлы салынды



"Анықталған заң бұзушылықтар үшін сегіз заңды тұлғаға 400 мың теңгеден астам айыппұл санкциялары салынды", - деді Е. Аманшаев қаладағы тамыздың 20 мен 26 аралығындағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға арналған оперативтік кеңесте.

Заң бұзушылықтарды қалалық қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық басқармасының экологиялық инспекциясы мамандары табиғат қорғау заңнамасының сақталуына қатысты 15 тексеру жұмыстары барысында анықтаған.