Астанадағы Сирия бойынша жетінші кездесу 30-31 қазанда өтеді

"Қарулы қақтығысты тоқтату режиміне кепіл елдердің келісімі бойынша жетінші халықаралық кездесу Астаналық процес аясында 2017 жылы 30-31 қазанда өтеді", — делінген ресми хабарламада.

Келіссөздер барысында тұтқындар мен түрмедегілерді босату, қаза тапқандардың мәйітін беру және із-түссіз жоғалғандарды іздеу бойынша жұмыс тобы туралы ереже бекітіледі. Сонымен қатар, тараптар халықаралық терроризммен күрес мәселесін қарастырып, Сириядағы гуманитарлық минасыздандыру туралы біріккен мәлімдеме қабылдауды көздейді.