Астанадағы «Старомодный» мейрамханасында жаппай улану фактісі негізінде жүргізілген тергеу аяқталды


Астана ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «жиналған айғақтар жиынтығын ескере отырып, аталған мейрамхананың аға аспазының іс-әрекетін Қылмыстық кодекстің 304-бабына ауыстыру туралы қаулы қабылданды».
Қылмыстық іс прокуратураның қарауына берілді.
Бұған дейін хабарланғандай, 30-31-наурыз күндері «Старомодный» мейрамханасынан тамақтанған 27 адам ауруханаға түскен болатын. Дәрігерлер олардың бәріне «сальмонеллез» деген диагноз қойды. Тексеру нәтижесінде аспаз бен қос даяшының ағзасынан, сондай-ақ дайын өнім қалдықтары мен жартылай фабрикаттардан Salmonella enteritidis таяқшалары табылған.