Министрліктегілердің түсініктемесіне сәйкес, жүкті Тараздағы "ПКФ-Фан" ЖШС жіберген, ал қабылдап алушы- Екатеринбург бекеті болмақ.
Оқыс оқиға салдарынан зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Цистерна тізбектен бөлініп, жол тұйықталымына қойылып, күзетке алынды. Темір жолдағы апаттық құтқару бөлімшесінің күшімен төгілген қышқылды тазарту жұмыстары жүргізілуде. Апат салдары бүгін жойылады деп күтілуде.