Астанадағы Түркия азаматтары қазақтарды Тәуелсіздік күнімен қазақша құттықтады

Орталықтың түрік оқытушылары барша қазақстандықтарды қасиеті мерекемен құттықтай отырып, Тәуелсіздіктің баянды болуын, бауырлас екі ел арасындағы достықтың мәңгі болуын тіледі.

Айта кетейік, Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы 2010 жылы ашылды. Мақсаты екі бауырлас ел арасындағы мәдениет және өнер саласындағы байланысқа үлес қосу, дамыту.

Орталықта түрікше курс жүргізіледі, сондай-ақ Түркиядан келген мұғалімнің жетекшілігінде мозаика курсы жұмыс істейді. Түрікше курстарды Түркиялық мұғалімдер өткізеді. Орталық сондай-ақ көптеген мәдени шаралар өткізіп тұрады.