Астанадағы ҰҚК департаментінің тергеу изоляторы алдындағы жарылыстан қаза тапқандардың бірі Ауған соғысына қатысқан болып шықты

«Дмитрий - Ауғанстанда соғысқан әскери зейнеткер болатын. Мен оның форма киіп түскен суреттерін көргенмін», - деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне оның Екібастұздағы көршісі хабарлады.

Оның айтуынша, Д.Кельплердің қызметі қопарылыс жасаумен байланысты болуы мүмкін. «Оның қолында бірнеше саусағы жоқ еді», - дейді сұхбат беруші.
Зейнетке шыққаннан кейін Д.Кельплер жолаушы тасымалымен айналысқан.
«Үш жыл бұрын ішімдікке құмар әйелімен ажырасып кеткен. Жалғыз ұлын өзі бағатын еді. Жарылыстан кейін екінші күні баласын Екібастұздағы жетімдер үйіне алып кеткен көрінеді», - дейді марқұмның көршісі.
Ал, оның ата-анасы Ресейді, ал әпкесі алыс шетелде тұрады.