Астанадағы «Уют» ТК-де болған өртте 33 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, бір ер адам ауруханаға жеткізілді

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жалын сағат 01:54-те ауыздықталып, 02:03-те сөндірілді. Онымен күреске ҚР ТЖМ Астана қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 27 адамы мен 8 техника бірлігі; ҚР ТЖМ «АМО» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жалын тілі 30 шаршы метр аумаққа тарады. 33 адам қауіпсіз жерге көшірілді, араларында 3 бала бар. Оқиға орнынан 38 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді.