Мұнда ерлер мен әйелдер 500 метрлік ара қашықтыққа жарысудан өзара сынға түседі. Бұдан соң әйелдер 3000 метр ал ерлер 5000 метр ара қашықтықта бақ сынасады.
Мамандар қазіргі таңда оңтүстік кореялық Ли Хо Сук жүзден жүйрік шығады деп жолжам жасап отыр. Өйткені ол осыған дейін олимиада чемпионы атанған танымал спортшы. Ал әйелдер арасындағы ең мықтылардың бірі - Чо Ха Ли болып отыр. Аталмыш спортшы кеше 1 мың 500 метрлік ара қашықтықтағы жарыста үздік шықты. Қазақстанның атынан бұл сында Дарья Волокитина, Инна Симонова, Айдар Бекжанов, Артур Сұлтанғалиев сынды спортшылар өнер көрсетеді.