Кәсіпорында жаңа қазандық агрегатын құрастыру басталды. Ол Екібастұз көмірін эксплуатациялау кезінде азот оксидінің өте төмен деңгейде шығарылуын қамтамасыз ететін құрылғымен жабдықталады.
«Кәсіпорын - Қазақстан энергетикасы үшін құрылғымен негізгі қамтамасыз етуші. Соңғы уақытта осы Кедендік одақтың белсенді қатысушысымен арадағы ынтымақтастық едәуір жанданды. Бұл экологияға баса көңіл аударып отырғандығымызға да байланысты», - дейді кәсіпорынның басқарушы директоры Сергей Алешин.