Сатып алушылар бастапқы баға бұдан да арзандайды деп күтуде. Алайда, Ж.Нүркеновтың пайымдауынша, өткен аукционда сатылмай қалған, бірақ, 6 айдан кейін қайтадан сауда-саттықа салынуы мүмкін жер телімдерінің бастапқы құны бұдан былай қымбаттай бермек. "Осы 6 айдың ішінде аталмыш учаскелерге жол және басқа да коммуникациялар тартылып, инфрақұрылым қалыптасатындықтан, баға қымбаттайтыны сөзсіз",- деді депутат.
Бүгінгі аукционға Көктал-2 ауылы, "Оңтүстік-шығыс" ақшамауданы мен Тілендиев даңғылының бойында орналасқан, жеке меншік үй салуға арналған 15 жер телімі шығарылды. Әрбір жер телімінің көлемі 0,1 гектарды құрайды, бастапқы құн Көктал-2 ауылында 1,24 млн. теңге, Тілендиев даңғылының бойында 1,37 млн. теңге аралығында қалыптасты. Аукцион ағылшын әдісі бойынша өткізілді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Астанадағы бұған дейінгі аукционда аталмыш аудандардағы жер телімдерінің 70 проценті сатылған.