Астанадакәріз құбыры жарылып, суы 10 метр биікке шапшыды


 Есілдің сол жағалауындағы «Байқоңыр» деп аталатын тұрғын үй кешенінің маңайы құдды бір апатты ғарыш алаңына айналғандай. 10 метр биіктікке  атқылаған ыстық су аяқ астынан елдің есін алды. Апатқа кінәлі құрылысшылар болса дереу із суытыпты. Ал тұтас көшені басып қалған қызыл судың кесірінен бірнеше сағат кептелес болып, көліктер қозғалысы қиындаған. Құбырдан атқылаған сумен мамандар 6 сағат алысып жүріп әзер ауыздықтады. Бірақ салдары толық жойылған жоқ. Астананың орталағындағы бірнеше аудан әлі сусыз отыр.