Астанадан барлық бағыттар бойынша шығу жолдары және Қазақстанның 6 облысындағы жолдар жабылды

Алматы облысы бойынша сағат 17:00-дeн бері ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты "Алматы-Өскемен" автожолының 558-615 шақырымындағы "Рубеж бекеті- Шығыс Қазақстан облысы шекарасы" аралығында қоғамдық және дизель отынымен жүретін автокөліктің қозғалысына тыйым салынды.

Сағат 18:00-дeн бастап ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты Ақмола облысы бойынша барлық бағыттарда қоғамдық, жүк және дизель автокөлігінің қозғалысына шектеу енгізілген болатын.

Бұдан бөлек, сағат 17:00-дeн бастап Шығыс Қазақстан облысы бойынша барлық бағыттарда қоғамдық және дизель отынымен жүретін автокөліктер үшін жол жабылды.

Сонымен қатар бүгін кешқұрым Қарағанды облысы бойынша барлық бағыттарда қоғамдық, жүк және дизель отынымен жүретін автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілді.

16:30-дан бастап ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты Павлодар облысы бойынша барлық бағыттарда автокөліктің барлық түрлеріне жолға шығуға тыйым салынды.

Сағат 17:00-дeн бастап ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысы бойынша барлық бағыттарда қоғамдық және дизель отынымен жүретін автокөліктер үшін жол жабылды.