Caravan Logo

Астанадан Моңғолияға рейс ашылуы мүмкін

Астанадан Моңғолияға рейс ашылуы мүмкін


Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Талғат Ластаев, Моңғолия тарабы «Эйр Астана» әуекомпаниясының Ұлан-Батырға ұшуына рұқсат береді деген үмітте екенін айтты. 
«Астана мен Ұлан-батыр арасындағы маршурт транзиттік және ұзақмерзімді перспективаға арналған маршрут. Қазір Моңғолиядағы әріптестерімізбен байланыс орнатуға тырысып жатырмыз. Алдыңғы күні «Эйр Астананың» ұшу қауіпсіздігі орташа еуропалық деңгейге сай екенін және Моңғолиядағы бірқатар БАҚ жариялап жатқандай, қауіпсіздік мәселелері жоқ екенін айтып, хат жолдадық. «Эйр Астананың» ұшу қауіпсіздігі Португалия, Словения сияқты елдерден де жоғары деңгейде. «Эйр Астана» Еуроодақтың шектеу тізіміне енген жоқ. Моңғолия тарабы бұл дәйектерді айтқанда, таңғалды»,-дейді Т.Ластаев. 
Комитет төрағасының айтуынша, «Қазақстан тарапы бұл олқылық жуық арада жойылып, мәселе шешіледі деген үмітте». «Менің ойымша, түбінде осы рейс ашылады», - деді ойын түйіндеген ол.