Бұл туралы ІІМ-нің Көліктегі ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
«Спиртті ішімдік ішкен 36 жастағы азамат әуе кемесінің бортында қоғамдық тәртіпті бұзып, жолаушылардың мазасын алған», - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің дерегіне сүйенсек, жолаушы «бортсеріктерді балағаттап, жолаушылардың берекесін қашырды. Сонымен қатар, ол көпшіліктің алдында полиция қызметкерінің ар-намысына тиетін сөздерді де қарша боратыпты.
Шетел азаматының үстінен қылмыстық іс қозғалды.