Астанаға 100 мыңнан астам турист келе жатыр

Астанада бесінші "Көшпенділер Ойыны” деген халықаралық жарыс өтейін деп жатыр. 8-13 қыркүйек аралығында, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары — этникалық, дәстүрлі спорт түрлері бойынша халықаралық жарыс. 

2014, 2016 және 2018 жылдары алғашқы ойындар Қырғызстанның Шолпан Ата қаласында өткен еді. 2022 жылы Түркияның Изник шаһарында төртінші Дүниежүзілік ойындар ұйымдастырылды.

Бесінші көшпенділер ойынында Астана қаласының ең үздік спорт алаңдарында 21 жарыстық және 10 көрнекі спорт түрінен жарыстар өткізіледі. Олардың қатарында ат жарысы, ұлттық күрес түрлері, дәстүрлі зияткерлік ойындар, жекпе-жектен жарыстар, дәстүрлі садақ ату, құс салудың ұлттық түрлері, ат үстіндегі сайыстар, халық ойындары, сондай-ақ этникалық спорт түрлерінен көрсетілім қойылымдары бар.

Ойындарда 110 медальдар жиынтығы сарапқа салынады.

"Бұл сайысты Халықаралық дейтін себебім - 85 мемлекеттен 2 мыңға жуық спортшы қатысады. Керемет спорт сайыстары болады. Нағыз рух беретін жарыстарды өз көзіңізбен көріп тамашалай аласыз. Құсбегілік, асық ату, тоғызқұмалақ, жамбы ату, қазақ күресі, көкпар, аударыспақ, теңге ілу сияқты сайыстарға шетелдік спортшылар да қатысады. Көз алдыңызға елестетіп көріңізші, бір еуропалық спортшы қазақша күресіп жатыр. Күшті ғой!", - деп жазды журналист Данияр Есен.