Астанаға Тәжікстан президенті келді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Астанада өтетін ҰҚШҰ саммитіне қатысады.

Еске салсақ, бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді. Жиында аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің негізгі мәселелері талқыланады. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады.

Айта кетейік, кеше Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин елімізге мемлекеттік сапармен келді.

Сонымен қатар, Беларусь Президенті Александр Лукашенко Қазақстанға жұмыс сапарымен келгені хабарланды.

Бұдан бөлек, Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың да келгені мәлім болды.