Астанаға еуропалық дипломатия басшысы Федерика Могерини келді

Бұдан бұрын хабарланғандай, ЕО-ның сыртқы істері және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі - Еуропалық комиссия вице-президенті  Федерика Могерини Еуроодақ-Орталық Азия министрлік деңгейіндегі кездесудің 11-ші отырысына төрағалық етеді және ЕО мен Қазақстан арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қояды.

Еуропалық дипломатия басшысын ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков қарсы алды.