Астанаға келген атақты Амантай қажы президент болуға өтініш берді

-Рахмет, айналайын, сен жақында байға  шығасың...

Аттандаған атақты Амантай қажы бүгін шулатып Астанаға жетті. Президенттікке кандидат болуға үш рет ұмтылып, жолы болмай-ақ қойған  71 жастағы ақсақал төртінші рет бағын сынап көрмек. Кәрі қыздарды бюджет есебінен жарылқағысы келетін азамат, мафия мен атом станциясының хас жауы бұл жолғы жоспарымен бөліскен жоқ. Алдымен қазақ тілінен емтихан тапсырып алайын дейді.

Амантай қажы Асылбеков, «Аттан» қозғалысының жетекшісі:

-Мен Алланың сөзін, шындықты  айтапасм, жылап жіберемін. Қазір біздің күресіміз мафия-коррупция. 25 жыл күресіп жүрмін. Ана күні президент айтты, әр  әкімнің артында банда отыр деп. Мен оны 25 жыл айтып жүрмін. Храпуновтың бетіне айтқам бандитсің  деп.

Шулатып кеткен  Амантай қажыдан кейін іле-шала Орталық сайлау комиссиясына кезінде  сенатор, министр болып, аз-кем Қарағанды облысын басқарған  Әбілғазы Құсайынов кіріп келді. Оның да тақтан дәмесі бар.

Әбілғазы Құсайынов, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы:

-Сайлау әрқашанда қоғамның өзекті мәселелерін көтеруге және әрбір адамның өміріндегі маңызды проблемаларға, мысалы: экология, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне  назар аударуға мүмкіндік береді.

Президент сайлауларының тағы бір «жұлдызының»  бұл жолы да додаға түсемін деп отыр. Эколог Мэлс Елеусізов тура ертең Астанаға жолға шықпақ.


Мэлс Елеусізов, «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы:

- Билікте отырған адамдардың  көбінен  менің білімім жоғары.  Кез-келген компанияға вице-президент боп барсам, мен көп жұмыс істер едім.  Енді барам ертең тапсырамын. Өткізетін  шығар...

Ал, Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» атынан науқанға қатысатынын мәлімдегені сол еді, үш саяси партия сайлауға қатысудан бас тартты. «Бірлік» пен «Ақжол» тіпті дауыстарын қазіргі президентке беретіндерін айтып отыр. Себебі Назарбаевпен бірге билікке таласқылары келмей қалыпты.

Азат Перуашев, «Ақ жол» партиясының төрағасы:

-Партиямызда лайықты, көрнекті  адамдар жеткілікті. Бірақ Нұрсұлтан Назарбаевпен салыстыруға   келмейді. Ол кісінің өмірі, ол кісінің  жұмыстары оған дәлел.

-Ал, Орталық сайлау комиссиясында кезекте тұрғандар сағат сайын  еселеп артуда. Сөйтіп президент болуға талпынушылар саны 22-ге жетті.  Бұлардың арасында жезөкшелер мен нашақорларды заңдастырамын деп жүрген Айгүл Өтепова мен атышулы «Аңыз адам» журналының бас редакторы Жарылқап Қалыбай да бар. Әзірше, қазіргі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, коммунист Тұрғын Сыздықов, психолог Лимана Қойшиева және жұмыссыз Қанат Тұрагелдиев қазақ тілінен емтиханнан сүрінбей өтіп, қол жинауға кірісті.

Loading...