Астанаға күтпеген жерден Кучма келді


Протокол ережесін сақтаған Назарбаев, әдеттегі төрдегі орынға емес, Кучмаға қарама-қарсы жайғасқан. Тараптар Украинаның Шығысындағы жағдайы талқылап, өзара пікір алмасты. Украинаның екінші Президенті қазір осы қантөгісті тоқтатату жөніндегі келісім тобын басқаратынын айта кетейік. Сондай-ақ, Елбасы соғыс жүріп жатқан Донецк облысына гуманитарлық көмек көрсетуге әзір екенін мәлімдеді. Леонид Кучма мен Нұрсұлтан Назарбаев қазақ-украин қарым-қатынасына да жоғары баға берді.