Астанаға күтпеген жерден қыс келді

Синоптиктердің болжамынша, алдымен жаңбыр жауады. Соңы қарға ұласпақ. Табиғаттың тосын мінезі көліктерінің доңғалағын ауыстырып үлгермеген жүргізушілерге қиын соғары анық. Өйткені қар мұзға айналып жол көктайғаққа ұласуы мүмкін. Сондықтан синоптиктердің ақпаратын алған коммуналдық мекемелер әзірлігін күшейтіп жатыр. Жалпы, Орталық емес, Солтүстік, Батыс пен Шығыста да күн күрт суытады деп күтілуде. Сынап бағанасы -5 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.


Алуа Сазанова, «Қазгидромет» орталығының синоптик-инженері:

- Көптеген аймақтар жауын-шашынды болады. Кей жерлерде жауынның соңы жылбысқы қарға ұласуы мүмкін. Ауа температурасының төмендеуі болады.