Астанаға Мәскеудің А.Чехов театры келеді

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Астана тұрғындары мен қонақтарына 14-15 қарашада Александр Вампиловтың пьесасы бойынша «Чулимскідегі былтырғы жаз» атты драмасы және 16-17 қарашада Николай Гогольдің «Үйлену» атты өшпес комедиясы ұсынылады.

Спектакльдерге ресейдің белгілі театр мен кино актерлері Наталья Егорова, Евгения Добровольская, Никита Зверев, Юрий Стоянов, Яна Гладких, Станислав Дужников және басқалары қатысады.