Астанаға Мәскеудің әмірі жүрмейді!

Алайда Ресейдің Ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау қызметі Новегиядан жеткізілетін балықтың 14 түрін, лажы болса, қазақтардың да жемеуіне кеңес берген екен. Оған ресми Ослоның арнайы фитосанитарлық бақылаудан өтуден бас тартуы себеп болған. Қазір Ресейде осыған байланысты Батыстан импортталатын біршама азық-түлік тауарларына уақытша тыйым салынған. Бірақ бұның бізге қатысы жоқ. Сондықтан теңізден алынатын жеңсік асты жейтіндердің қалауы бәз қалпында қалмақ. Оның үстіне, шикі өнім отандық технологиямен өнделген соң «Қазақстанда жасалған» тауар санатына еніп кетеді екен.

Валерий Илюхин, кәсіпкер:

- Ресейдегі тыйымның бізге ешқандай әсері болып жатқан жоқ. Біздің мемлекеттен тыйым айтылған жоқ қой. Сондықтан жұмысымыз өзгеріссіз. Норвегиядан да тауар алдық. Міне, бүгінде бір партиясы келді. Олардан консервленген өнімдер жасаймыз. Ал ол – Қазақстанның өнімі саналады.   

Loading...