Бүгінгі Парламент отырысынан кейін белгілі болғаны, жаңартылған Ата заңда елорда атауын өзгертуге қатысты түзетулер жоқ.
"Бізге Астананың атауын өзгерту туралы депутаттар тарабынан жазбаша өтініш түскен жоқ ", - деді Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін Мəжіліс депутаты Нұрлан Əбдіров тілшілерге берген сұхбатында.
Айта кетейік, Астананың атауын өзгерту бастамасын былтыр Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов көтерген болатын. Алайда, оның бұл бастамасын қоғам күлкіге айналдырды.