Астанаға Пәкістаннан келген бір еркек малярия деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды

Агенттік хабарламасында атап көрсетілгеніндей, 9-тамызда дәрігерлер науқасқа "үш күндік малярия" деген диагноз қойып, сырттан ауру әкелу оқиғасын тіркеді. Науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Мамандар қазір арнаулы эпидемиологиялық және энтомологиялық зерттеулер жүргізуде.