Астанаға ресми сапармен Корея президенті келді

Ақордада көптен әйел президентке осындай құрмет көрсетілмеген еді. Арқа төсіне алғаш рет аяқ басқан Пак Кын Хе Оңтүстік Корея Республикасының 11-ші Президенті. Билік тізгінін бір жарым жыл бұрын қолға алған ол кезінде 16 жыл Кореяны басқарған Пак Чон Хидің қызы. Әкесінің жолын қуған 62 жастағыПак Кын Хе ресми Астанамен байланыс орнатуға мүдделі. Оның үстіне корей капиталына Балқаш жылу электр станциясы, Атырау облысында газхимиялық кешен мен «Жамбыл» кен орнында барлау жұмыстары жүріп жатыр. Әріптесімен кездескен Қазақстан Президенті қазба байлықтары жоқ, кедей аграрлық елден әлемнің үздік жиырма державасының қатарынан орын алған Кореядан үйренетніміз көп деп ағынан жарылды. Ал кездесу барысында түрлі салаларда экономикалық байланысты нығайтатын келісімдерге қол қойылды. Оның нәтижесіне көңілі толған президенттер тату көршілік үшін бокал көтеруді де ұмытқан жоқ.


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Біріншіден кездесуімізді мазмұнды жемісті өтті деп санауға болады. Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 1,5 миллиард долларға жетті. Бірақ барлық мүмкіншілкті пайдаланып отырмыз деп айтуға болмайды. Қазақстанда кореялық каптиалдың қатынасуымен 300-ден артық мекеме жұмыс істейді. Біз алдағы уақытта ол жұмысқа қолдау көрсетеміз.

Пак Кын Хе, Оңтүстік Корея Президенті:

-Біз үшін Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі нарық. Сондықтан Корей компаниялары инвестиция салуға мүдделі. Қазақстан экономикасын әртараптандыруға үлес қосуға әзірміз. Әрі сіздердің Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуын қолдаймыз.