Астанаға Румыния сыртқы істер министрі Лазэр Комэнеску жұмыс сапармен келеді

"Қарашаның 18-19-ы аралығында өтетін сапар барысында ол Қазақстан басшылығымен кездесулер өткізеді. Оның барысында екіжақты өзара қарым-қатынастың кең ауқымды мәселелері, оның ішінде 2009 жылы Румыния президенті Троян Басескудің Қазақстанға ресми сапарын ұйымдастыру жайы талқыланатын болады", деді бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев.

Оның айтуынша, румыниялық дипломаттың осы сапары аясында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деп жоспарланып отыр.