Астанаға Сауд Арабия Корольдігінің өкілдері келеді

Сауд Арабиясының делегациясы Ақмола облысындағы ірі бидай шаруашылықтары және мал фермаларының қызметімен танысуына байланысты аймақты аралайды.

Қазіргі кезде азық-түлік қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мақсаттарымен Сауд Арабиясының үкіметі жаңа, ірі ауыл-шаруашылық өнім тасымалдайтын елдерді табумен айналысуда. Сонымен қатар, Қазақстанмен осы саладағы ынтымақтастыққа Сауд Арабиясы ерекше көңіл аударады.

Делегация құрамындағы бірнеше министрліктердің өкілдері, сарапшылар мен бизнесмендер Қазақстан тарапымен ауыл-шаруашылық жобаларына келешегі бар инвестициялар салу саласында екі жаққа тиімді ынтымақтастық жолдарын талқылауды көздеуде.